Түркістан қаласында жылыту маусымына дайындық кезеңі басталды. Осы ретте қалалық төтеншеліктер өрттің алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын бастап кетті. «Өрт қауіпсіздік айлығы» науқаны қала әкімінің бекіткен жоспарына сәйкес, қыркүйектің 15-іне дейін жүреді.