Коммуналдық тарифтердегі өзгеріс

12
05.09.2025 20:13

Түркістан облысында электр энергиясын тұтыну шегі 70 квт-тан 90 квт-қа дейін көтерілді. Яғни, тариф өңірдегі әр тұрғын үшін бұған дейін 70 квт  сағатына белгіленген енді ол тағы 20квт-қа өсті. Бірақ баға өзгеріссіз қалады. Жауаптылар бұл жаңашылдықты электр қуатын қажет ететін тұрмыстық техникалардың көбеюін ескере отырып қолға алған. Бұл туралы бүгін табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы баспасөз брифингінде баяндады.