Президент мұнайшыларды марапаттады

13
05.09.2025 20:12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ саласының кәсіби мерекесіне орай сала қызметкерлерін құттықтады. Ақордада өткен салтанатты жиында ол мұнай-газ кешенін ел экономикасының маңызды бөлігі екенін атап өтіп, бұл салада 200 мыңнан астам адам еңбек етіп жатқанын айтты. 

– Сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасында еліміз дамып келеді. Бұл – аға буынның дәстүрін жалғастырып келе жатқан лайықты ізбасарлардың еңбегі. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Президент. Қасым Жомарт Тоқаев еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады