Каналдардағы суды есепке алуды автоматтандыруға арналған технология өндірісі іске қосылмақ

11
05.09.2025 12:44

Қытайлық инвесторлар Қазақстанда су каналдарындағы суды есепке алуды автоматтандыруға арналған технология өндірісін іске қоспақ. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қытай Халық Республикасының ірі кәсіпорындары өкілдерімен кездесу барысында мәлім болды. Жиында жаңа гидротехникалық нысандар салу, каналдарды автоматтандыру және су шаруашылығына қытайлық инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Шетелдік компания өкілдері өндірісті Қазақстанның оңтүстігінде орналастыруға дайын екендерін айтты. Сондай-ақ қытайлық компаниялар қазақстандық мамандар үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізуге ниетті.