Түркістан қаласында жаңа қалалық әкімдік ғимараты салынады. Шаһарды аралап көрген облыс әкімі Нұралхан Көшеровке қала басшысы мен сала басшылары жаңа ғимараттар салу бойынша ұсыныстарын жеткізді. Қалалық әкімдік «Керуен сарай» мен «Қол өнершіліер орталығының» маңынан бой көтермек. 1 жарым гектар аумаққа салынатын нысанның құрылысын 14 айда аяқтау көзделіп отыр. Оған қоса қалада «Руханият орталығының» іргетасы қаланады. Бұдан бөлек Нәзір Төреқұлов көшесінің бойынан «Асыл мұра» саябағы ашылатын болады.