Түркістан
EN

Заманауи спорт кешені ашылды

80
04.09.2025

Төлеби ауданы, Кеңесарық ауылында жаңа спорт кешені ашылды. Нысан толығымен жеке демеушінің қаржысы есебінен бой көтерді. Оған 160 миллион теңге жұмсалған. Заманауи үлгіде жабдықталған нысан ауыл жастарына салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен тұрақты айналысуға үлкен мүмкіндік бермек. Ғимараттың ашылуына қоғам қайраткерлері мен аудан әкімі қатысты. Төлеби ауданы тұрғындары спорт саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Бүгінде ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 51 588 адамға жетіп, аудан халқының 42,2 пайызын құрап отыр.