Түркістан
EN

Мектеп асханаларының мәзірі жаңарады

72
04.09.2025

Түркістан облысында жаңа оқу жылынан бастап оқушылардың тамақтану жүйесіне жаңа стандарттар енгізілмек. Дәлірек айтсақ, мектептердің ас мәзірінен тәтті сусындар мен шырындар, шұжық өнімдері, ысталған ет, спред-май және дәм мен иіс күшейткіштері бар өнімдер алынып тасталды. Есесіне балалардың өсіп-жетілуіне қажет жаңа піскен көкөністер мен жемістердің үлесі артпақ. Жауаптылар бұл қадам балалар арасындағы семіздік, қант диабеті, жүрек-қан тамырлары және басқа аурулардың алдын алады дейді. Бұл туралы Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов баспасөз брифингінде мәлімдеді.