Елімізде цифрлық трансформация қарқынды жүргізіліп, соңғы үш жылда 28 млрд теңгеден астам қаражат көлеңкелі экономикадан шығарылды. Ал бюджет шығыстары 13 млрд теңгеге қысқарды. Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты 20 есеге азайып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері төмендеді. Электронды медициналық анықтамалар мен еңбекке жарамсыздық парақтары енгізіліп, бюджетке 450 млн теңге үнем болды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму министрі хабарлады