Түркістан
EN

Өнеркәсіп әлеуеті арта түседі

122
04.09.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының негізгі векторын айқындап берді. Ол – қуатты өнеркәсіп әлеуетіне негізделген мықты да әртараптандырылған экономика құру. Мемлекет басшысы шикізат моделінен қосылған құны жоғары тауарларды өндіруге көшу міндетін қойды.  Бұл бұрыннан бар кәсіпорындарды жаңғыртып, жоғары технологиялық жаңа өндіріс құруға жүйелі түрде инвестиция тартуды талап етеді. Осыған байланысты Үкімет индустриялық егемендікті нығайтуға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруда. 2025 жылдың 7 айының қорытындысына сүйенсек, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,9%-ға артқан.