Абай облысының Аягөз қаласында тұрғын үй аумағынан күдікті зат табылып, төтенше жағдай тіркелді. 70 жастағы жергілікті тұрғын жол шетінде снарядқа ұқсас металл затты байқап, дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына тәртіп сақшылары, сапёр мамандар мен төтенше жағдайлар қызметі жетіп, аумақ қоршауға алынды. Қауіпсіздік мақсатында тұрғындар эвакуацияланды. Зерттеу қорытындысы бойынша, табылған зат пайдаланылған кассеталық мина болып шықты. Ол жарылыс қаупін тудырмайтыны белгілі болды.