Көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға 4-қыркүйек күні түнгі 2-лер шамасында орын алған. Жаңа қала ықшам ауданы, 11-көше бойындағы өрттің салдары пәтердің балконынан басталып, қабырғаларына өтіп, жалпы 12 шаршы метрін шарпыған. Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметіне сүйенсек зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тұрғындар уақытылы эвакуацияланып, жағдайды 16 минутта қалыпқа келтірген.