Түркістан облысында жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Орталық жылу беру ұйымдарының дайындығы үшін бюджет есебінен 7,7 млрд теңге бөлінген. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Жиында өңір басшысы жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, дайындық жұмыстарын аяқтау үшін 15-қыркүйекке дейін уақыт берді.