«Денсаулық керуені» акциясы өтті

43
2025.09.03

 «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Әйелдер қанаты ерекше бастаманы қолға алды. Медицина саласының қызметкерлерімен бірлесіп «Денсаулық керуенін» ұйымдастырды. Онда  әйелдер мен жүкті қыз-келіншектер медициналық профилактикалық бақылаудан өтіп, кәсіби дәрігерлерден кеңес алды. Алғашқы шара Кентау қаласында өтті. Қалалық емханада жиналған  әйелдер алдымен  қан сынамаларын тапсырып, дәрігерлердің қарауында болды. Одан соң акция Сауран ауданында жалғасты.