Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік желілерде А.С. Нургазинді қолдауға бағытталған ақпаратты заңсыз әрекетті ақтау деп тапты. Бүгінгі таңда агенттік Қостанай облысы бойынша департаменті «ОГНЕ-УПОР-СНАБтың» лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі көлемде минералдық түзілімдерді жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Аталған компания бір жыл бойы Арқалық кен орнынан 7 мың тоннадан астам отқа төзімді саз балшықты заңсыз өндіріп, сатқан. Сондықтан, агенттік өкілдері техногендік минералдық түзілімдерді өз бетінше өндіру мен жымқыру – жәй ғана азаматтық-құқықтық дау емес дейді.