Жыл басынан бері 55 адам суға кеткен

38
2025.09.03

 Түркістан облысында жыл басынан бері 22 адам суға кетіп, 11-і қаза тапқан. Араларында кәмелетке толмаған 6 бала бар. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі суға түсуге тыйым салынған орындарда болған. Жағымсыз жайттардың алдын алу мақсатында салаға жауаптылар 2,5 мың рейд өткізіп, судағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған 151 жеке тұлғаға 2 млн теңге айыппұл салған. Айта кетейік, елімізде суға шомылу маусымы 31 тамыз күні ресми түрде аяқталды.