Ауыз су тапшылығы ушығып тұр

47
2025.09.03

Сарыағаш ауданына 60 шипажай мен 1000-нан астам тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған кәріз жүйесі толықтай жарамсыз күйде. 40 жыл бұрын “Сарыағаш” және “Арман” шипажайларына арналып салынған кәріз жүйесін ретке келтіру үшін республикалық бюджеттен қосымша 1,3 млрд теңге қажет. Бұл туралы депутат Темір Қырықбаев бүгінгі өткен мәжіліс отырысында баяндап, Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринге сауал жолдады.  Мәжілісмен өз сөзінде  аталған мәселе ертерек қолға алынбаса, өңірдің экологиялық жағдайына кері әсер ететінін жеткізді.