Түркістан
EN

Кедейлік деңгейі 1,8 пайызға төмендеді

33
03.09.2025

Биыл Түркістан облысында кедейлік деңгейі 1,8 пайызға төмендеді. Жауаптылар бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 3,5 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Одан бөлек, өңірде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны да 39500 адамға, яғни 41 пайызға азайған. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев баспасөз жиынында баяндап, мемлекет басшысының жолдауда айтқан тапсырмаларының әр салаға қатысты орындалу жұмыстарын жеткізді.