Түркістан
EN

Ауыл шаруашылығы саласы тұрақты қарқынмен дамып келеді

16
03.09.2025

Елімізде ауыл шаруашылығы саласы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Биыл жалпы өнім көлемі 2,4 трлн теңгеге жетті. Бұл өсім мал шаруашылығы мен егін шаруашылығындағы өндірістің артуымен қамтамасыз етілген. Салаға тартылған инвестициялар да айтарлықтай көбейген. Жеті айда 442,7 млрд теңге құйылды. Көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарына бөлінген қаржы көлемі алғаш рет 700 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Шаруаларға жылдық 5 пайызбен жеңілдетілген несие беріледі. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» және «Кең дала» бағдарламалары жүзеге асуда.