Түркістан
EN

Батыс Қазақстан облысының ауылдары таза ауыз сумен қамтылуда

19
03.09.2025

Батыс Қазақстан облысының ауылдары таза ауыз сумен қамтылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аймақта су жүйелерін салу және қайта жаңғыртуға 5,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат есебінен 11 жоба жүзеге асырылып жатыр. Қаратөбе ауданындағы Төлен, Сәуле және Қарақамыс ауылдарына жаңа магистральды жүйелер салынып жатыр. Жобаға 1,8 млрд теңге қарастырылған. Ал Теректі, Қаратөбе және Бәйтерек аудандарындағы сегіз ауылда су құбырлары тартылуда. Бұған 2,5 млрд теңге бағытталды. Министрліктің  мәліметінше, қазір облыс қалалары ауыз сумен толық қамтылған, ал ауылдық елді мекендерде көрсеткіш 97 пайызға жеткен. Жоспар – жақын жылдары халықты таза ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету.