Түркістан
EN

Түркістан облысында тұрғындардың өтініш-тілектері тыңдалды

23
03.09.2025

Түркістан облысында тұрғындардың өтініш-тілектері тыңдалды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың мәселелерін қарады. Оған Түркістан, Кентау қалалары мен Қазығұрт, Сарыағаш, Жетісай және Шардара аудандарының тұрғындары келді. Олар коммуналдық қызмет, тұрғын үй, кәсіпкерлік, жұмыс, экология, білім саласына қатысты түйткілдерді ортаға салды. Әкім жауапты басқарма басшыларымен бірге әрбір мәселені талқылап, шешу жолдарын қарастырды. Барлық өтініш жеке бақылауға алынып, тиісті тапсырмалар берілді. Нұралхан Көшеров тұрғындардың ұсыныстары өңірді дамытуда маңызды екенін атап өтті.