«Қазақстан Қытайдың жақын көршісі және сенімді серіктесі ретінде Си Цзинь Пиннің бастамаларын қолдайды». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-отырысында осылай деді. Еуропа мен Қытай арасындағы жүктің 85 пайызы Қазақстан арқылы өтетінін айтқан Президент логистиканы жетілдіре түсетінін жеткізді. Биыл Достық-Мойынты теміржолының екінші желісі іске қосылса жүк өткізу мүмкіндігі 5 есе артпақ.