Түркістан
EN

Қаратас ауылдық емханасы күрделі жөндеуден өтті

83
02.09.2025

 Қазығұрт ауданының Қаратас ауылдық емханасы биыл күрделі жөндеуден өтті. Бұған дейін тұрғындар тозығы жеткен ғимаратта қаралуға мәжбүр болса, енді ауыл халқы жаңарған мекемеде сапалы қызмет алуға мүмкіндік алды. Бүгінде емхана 9 мың 500 адамға медициналық көмек көрсетеді. Қазір мұнда 5 жалпы тәжірибелі дәрігер, сондай-ақ акушер-гинеколог, стоматолог және хирург жұмыс істейді. Барлығы 8 дәрігер мен 21 медбике ауыл халқына қызмет көрсетіп отыр.