Түркістан
EN

Түркістан облысында 10 мектеп ашылды

94
02.09.2025

Түркістан облысында жаңа оқу жылы қарсаңында 10 жаңа білім беру нысаны ашылды. Атап айтқанда,Төлеби ауданының Достық ауылында 900 орындық, Сайрам ауданының Ақсу ауылында 600 орындық жаңа мектеп есігін айқара ашты. Олардың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Нұралхан Көшеров ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтап, бұл бастаманың маңыздылығына тоқталды.