«РОП Операторы» бұрынғы басшысы 20 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдары көліктерді кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Сонымен қатар бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «РОП Операторы» басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталған болатын. Пірімқұлов 2019 жылдың шілдесінен бастап вице-министр қызметін атқарған.