Бейжіңде Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-отырысы өтті. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері қатысты. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен бизнес құрылымдарының 500-ден аса өкілі, соның ішінде 70-тен аса Қытайдың ірі корпорацияларының жетекшілері де жиналған. Президент іскерлік кеңес отырысында сөз сөйлеп, еліміздің инвестициялық әлеуетін таныстырды. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде Қазақстан тау-кен металлургиясы кешенін дамыту үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр. Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің қорытындысы бойынша жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен аса коммерциялық құжатқа қол қойылды.