Түркістан
EN

«Ата заңым – айбыным» атты салтанатты іс-шара өтті

104
29.08.2025

Түркістанда 30 тамыз Конституция күніне орай мерекелік концерт өтті. Шара басында «Түркістан» балалар хорының орындауындағы Әнұранды залға жиналған көпшілік тік тұрып, бірге шырқады. Театр әртістері қойылым ұсынып, облыс әкімі Нұралхан Көшеров жұртшылықты мерекемен құттықтады. Одан соң түрлі сала өкілдерін Ел Президентінің Алғыс хатымен марапаттады.