Түркістан
EN

«Мектепке жол» акциясы өтті

133
29.08.2025

Түркістанда жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы өтті. Қайырымдылық шарасын 10 жылдан бері сауапты іспен айналысып келе жатқан «Үлес» қоры ұйымдастырды. Жыл сайын мыңға жуық оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз ететін қайырымды жандар бұл жолы да әлеуметтік қолдауға зәру балаларды қуантты.