Түркістан
EN

Қазақстанда баспана бағасы рекордтық деңгейге жетті

115
14.03.2022

Елімізде баспана рекордтық деңгейге қымбаттады.  Пәтер құнының шаршы метрі бірден 5,5 пайызға өскен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Бұл кейінгі 8 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ал жаңа салынған үйлердегі өсім 0,4 пайызға артқан.  Жылжымайтын мүлік құнының ең жоғары көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласында. Онда пәтер құнының артуы 10 пайызға жуықтаған. Мұнда үйлердің орташа шаршы метрі 590 мың теңгеге бағаланған. Баға динамикасы бойынша Атырау мен Талдықорған алдыңғы қатарда. Ал Алматыда пәтер бағасы шамамен 3 пайызға өскен.