Түркістан
EN

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы 10,4 млн-нан астам адамды игілікке ұйыстырды

42
28.08.2025

Биыл Арал теңізінің құрғап кеткен табанына 48 млн-нан аса сексеуіл көшеті отырғызылған. Бұл туралы еліміздің экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Жалпы, Аралдың құрғаған орнында сексеуілді көбейту мақсатында Қызылода облысынан тұқымбақтар ашылып жатыр. Былтыр Қазалы ауданында жылына 3 млн көшетін беретін тұқымбақ ашылған. Оынң аумағы 33 гектардан асады. Ондағы 10 гектар аумаққа сексеуіл тұқымы егіліпті. Сондай-ақ министрдің айтуынша «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы басталғалы оған 10 млннан астам отандасымыз атсалысыпты.