Түркістан
EN

Фельдшерді соққыға жыққан тұрғынның үстінен іс қозғалды

34
28.08.2025

Түркістанда аяғы ауыр әйелін фельдшерден қызғанып, күш қолданған тұрғынның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысы бар күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қазіргі таңда болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Айта кетсем, оқиға 26-шы тамыз күні болған еді. Түсік тастау қаупімен шақыртқан келіншекті көруге барған 26 жастағы Құдырет Мүтәліповті пациенттің күйеуі ұрып тастаған. Ауыр соққы алған жедел жәрдем қызметкері миы шайқалып, қазір ауруханада жатыр.