Түркістан облысы мен Қытай Халық Республикасының Баян-Ғол Моңғол автономиялық аймағы ресми түрде бауырлас өңір атанды. Бүгін екі жақты келіссөздер қорытындысында тарихи құжатқа қол қойылып, өңірлер арасындағы стратегиялық әріптестік жаңа кезеңге көтерілді. Кездесу барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мырза Баян-Ғол делегациясын құттықтай отырып, өңіраралық қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті. Тараптар агроөнеркәсіп, құрылыс, өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, логистика және фармацевтика салаларында бірлескен жобаларды іске асыруға уағдаласты.