Шахтер күні қарсаңында көмір өнеркәсібінің ардагерлері мен мамандары марапатталды. Мемлекеттік награданы оларға Президенттің атынан Премьер-министр Олжас Бектенов табыс етті. Қазір Қазақстан шахталарында 145 мыңнан астам азамат еңбек етеді. Оның 32 мыңға жуығы көмір өнеркәсбінде тер төгуде. Кеншілер тау-кен саласы, соның ішінде, көмір өндіру кәсібі өте үлкен оң өзгерістерге ұшырап жатқанын айтады. Салада қайта жаңғырту жүріп, өндірістің қарқынын арттыру мәселелері шешімін табуда. Жоғары мемлекеттік наградаға ие болғандардың қуанышында шек жоқ. Олар бұл марапаттар кеншілердің еңбегіне, төзімділігі мен жанкешті еңбегіне берілген жоғары баға деп есептейді.