Түркістан
EN

Түркістан облысы әкімдігі тарапынан «Woosong» университетіне бөлінген грант иегерлері анықталды

69
28.08.2025

Түркістан облысында жастардың шетелдік білімге қол жеткізуіне жол ашылды. Өңір әкімдігі «Woosong» университетіне оқуға 100 грант бөлген болатын. Осыған орай 400-ден астам талапкер құжат тапсырған. Білім беру тапсырысы аясында түскен өтініштердің 242-сі қаралды. Айта кетейік, биыл Түркістан қаласында «Вусонг Университеті Қазақстан» ашылып, тамыз айында ресми лицензия алды. Жоғары оқу орнында 14 профессордан құралған халықаралық оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Болашақ студенттерге шетелдік тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылған. Олар Кореядағы «Woosong» университетінде немесе серіктес оқу орындарында білім ала алады. Сондай-ақ, студенттер қос диплом бағдарламасына қатысып, оқу аяқталған соң екі елдің дипломын иеленбек.