Түркістан
EN

Құмар ойындарды насихаттауға қатысы бар 34 блогердің есімдері белгілі болды

36
28.08.2025

«Бәс тік те-табысқа кенел»! Дәл осылай заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалаған елге танымал 34 танымал блогер жазаға тартылады. Бірқатарына айыппұл салынса, енді біріне қылмыстық жауапкершілік қолданылмақ. Себебі біразы заңды бір рет емес, жүйелі түрде бұзған. Мәселен, инфлюенсер Қайсар Қамза өзінің телеграм-арнасында заңсыз ойындарды үнемі насихаттап, жалған жеңімпаздардың видеоларын жариялаған. Ал Наиль Тұрғанов онлайн-казино жарнамасы үшін 8 млн теңгеден астам қаржы алған.