Биыл Түркістан облысында 1 миллион 60 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында белгілі болды. Жауаптылардың мәліметінше, жыл басынан бері 528 мың шаршы метр баспана ел игілігіне тапсырылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 115 пайызға артық.