Түркістан облысында елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқын алды. Биыл 80 жобаға қаржы бөлініп, соның ішінде 37 ауылдағы 46 нысанның құрылысы аяқталмақ. Нәтижесінде 73 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынға қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Қазірдің өзінде 27 нысан пайдалануға берілген. Жыл қорытындысымен облыс аумағындағы газдандырылған елді мекендер саны 600-ге жуықтайды. Ал 2027 жылға дейін бұл көрсеткішті 765-ке жеткізу жоспарланып отыр. Жауаптылардың айтуынша, облыстағы газдандыру жұмыстары күн тәртібінен түспейді.