Түркістан
EN

Инвесторлар Қазақстанда су үнемдеу технологияларын шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр

36
28.08.2025

Түркиялық инвесторлар Қазақстанда су үнемдеу технологияларын шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркияның Ardent Plastik және Nigde Plastik компаниялары директорлар кеңесінің төрағасы Азми Берк Алтунташпен кездесті. Жиында су үнемдеу технологияларын өндіретін зауыт салу мәселесі талқыланды. Түркиялық кәсіпкерлер Қызылорда облысында тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін шығаратын кәсіпорын ашуды көздеп отыр. Жоба аясында тараптар оның ауқымы, мерзімі және іске асыру тәртібін пысықтады. Нұржан Нұржігітовтің сөзінше, аталған жүйелердің Қазақстанда өндірісі шаруаларға қолжетімділікті арттырып, тиімді әрі үнемді суару тәсілдерін жедел енгізуге жол ашады.