Сондай-ақ Бәйдібек ауданында жаңа оқу жылына арналған дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Жиында өткен оқу жылы қорытындыланып, білім саласының жаңа міндеттері талқыланды. Сондай-ақ осы салада айрықша еңбек еткен ұстаздар мен ардагерлер облыстық және аудандық деңгейдегі марапаттарға ие болды.