Иордания Хашимит Корольдігінің Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді. Ақордадағы салтанатты қарсы алу рәсімі кезінде, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла бір-біріне делегация мүшелерін таныстырып, екі елдің әнұрандары орындалды. Бұдан кейін шағын құрамдағы келіссөздер өтті. Жалпы Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда айналымы биылғы 5 айда 1,2 млн АҚШ долларын құрады. Ал былтыр екі ел өзара алыс-берісті 6,4 млн долларға жеткізген. Иордания Королі ІІ Абдалла Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иордан Хашимит Корольдігінің «Әл-Нахда» жоғары орденін тапсырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корольдіктің жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін ІІ Абдалла бен әл-Хусейнге және достас иордан халқына алғыс айтты.