Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Молдова Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Штефан Гордамен кездесті. Басқосуда сауда-экономикалық, инвестициялық байланыстарды дамыту және әріптестік аясын кеңейту мәселелері талқыланды. Мәртебелі мейман өңірдің тарихы мен мәдени мұрасымен танысып, Түркістан қаласының ерекше келбеті жайлы әсерімен бөлісті. Айта кетейік, Штефан Горда – еліміздегі Молдова Республикасының алғашқы елшісі.