Түркістан
EN

Шоколад ұрлағандар 3 жылға сотталды

129
14.03.2022

Шоколад ұрлаймын деп істі болды. «Қаңтар оқиғасы» кезінде дүкеннен тәтті ұрлаған 4 жігітке сот үкімі шықты. Қалада пәтер жалдап тұратын олар тонауға 6-қаңтар түнде түскен. Өздерімен киви, шокалад, дәретхана қағаздарын ала шыққан 21 жастағы жігіттерді полицейлер 3 күннен кейін тапқан. Оған дейін олар құны 202 мың теңге тұратын заттың жартысын жеп үлгеріпті. Сотталғандар 3 жылға бас бостандығынан шектелді. Бұған қоса еш жерде жұмыс істемейтін олар 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылмақ.