Түркістан
EN

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі неге өртегені белгілі болды

62
26.08.2025

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі неге өртегені белгілі болды. Полиция оның мұндай әрекетке баруына отбасылық жанжал себеп болғанын айтады. Айта кетсем, жантүршігерлік оқиға кеше түнде болған еді. Ер адам билет кассасының жанында өзін-өзі өртеп жібермек болды. Абырой болғанда, тәртіп сақшылары әуежайдың қауіпсіздік қызметі өкілдерімен бірлесе отты дереу сөндіріп, жедел жәрдем бригадасын шақырған. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ер адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылған. Оқиғаның барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталатын болады. Әуежай әкімшілігінің хабарлауынша, бұл жағдай әуе айлағының жұмысына әсер етпеген. Қазір ұшулар кестеге сәйкес жүргізілуде.