Түркістан
EN

Үкімет 3 жылға арналған бюджет жобасын мақұлдады

82
26.08.2025

Үкімет 3 жылдық бюджет жоспарын мақұлдады. Министрлер кабинеті дауыс беріп, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері әзірлеген құжатты бірауыздан қолдады. Сондай-ақ Үкімет алдағы үшжылға арналған негізгі экономикалық болжамдарын жариялады. Оған сәйкес, келер жылы ел экономикасы 5,4% өседі. Ал одан кейінгі жылдары орташа жылдық өсім 5,3 % шамасында сақталады. Жалпы бюджет тапшылығы 2029 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты біртіндеп 0,4%-ға дейін төмендеп 2030 жылдан бастап нөлдік деңгейге жетеді деп болжанып отыр. Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу үшін бюджетті қатаң бақылауды тапсырды. Сондай ақ бюджет қаражатын барынша тиімді және уақтылы игеру маңызды.