Келес ауданында «Мектепке жол» шарасы өткізілді

9
26.08.2025 15:24

Сондай-ақ Келес ауданында да «Мектепке жол» акциясы аясында арнайы жәрмеңке өтті. Абай ауылындағы саябақта болған жәрмеңкеде оқушылар киімі, оқу құралдары нарықтағы бағадан арзан сатылды. Келесте жалпы 66 мектепте 35 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Өңірдегі 3 мыңнан бастам оқушының жаңа оқу жылына дайындығы үшін аудандық әкімдік тарапынан 1 реттік қаржылай көмек көрсетілген. Демеушілер есебінен тағы 1200 балаға керек-жарақтары әперіліпті.