Биыл Түркістан облысында 1235 шақырым жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жергілікті жауаптылар жыл соңына дейін 950 шақырым жолды толық аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы аппарат мәжілісінде баяндап, саладағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.