Түркістан облысында соңғы үш жылда 1 миллион гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Биыл жыл соңына дейін қосымша 110 мың гектар жер учаскесін мемлекетке қайтару жоспарланып отыр. Бұл жерлер кезінде ауыл шаруашылығы мақсатында жеке тұлғаларға берілгенімен, жылдар бойы пайдаланылмаған. Аталған мәселе облыс әкімінің аппаратында өткен апталық мәжілісте талқыланды.