Ордабасы ауданында жаңа оқу жылына дайындық қыза түсті. «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға оқуға қажетті құрал жабдықтар мен мектеп формасы табысталды. Бұдан бөлек аудан тұрғындарына нарықтан төмен бағада жәрмеңке ұйымдастырылды.