Түркістан
EN

Тұрмыстық техникалар 30 пайызға қымбаттап кеткен

148
11.03.2022

Қазақстанда доллардың қымбаттауы тұрмыстық техника бағасына да кері әсерін тигізе бастады. Тауарлар бірден 25-30 пайызға шарықтап шыға келді. Мәселен, бүгін 1 АҚШ көкқағазы 519 теңгеден саудалануда. Осыған орай біз Түркістан қаласындағы ірі дүкендерге барып, тұрмыстық техникалардың бағасын бағамдап көрдік. Нәтижесі көңілді көншітпей тұр.