Астанада автобус жолдан шығып кетіп, 14 адам ауруханаға жеткізілді. Көлік апаты Қабанбай батыр даңғылында болған. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендер көпбейінді стационарларға және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілді. Кейбірі амбулаторлық емдеуге жіберілді, қалғандары медициналық тексеруден өтіп жатыр. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, негізінен жолаушылар жеңіл жарақаттармен түскен.