Түркістан
EN

Түркістан облысында жоғалған 6 турист құтқарылды

64
25.08.2025

Түркістан облысында жоғалған алты турист аман-есен табылды. 22 тамыз күні Шымкент қаласының тұрғындары Бәйдібек ауданындағы «Үлкен Тұра» шыңына бағыт алған. Алайда белгіленген уақытта үйлеріне оралмаған. Байланыс үзілген соң, алаңдаған туыстары бірден құтқарушыларға хабар береді. Іздестіру жұмыстары «Сырдария–Түркістан» өңірлік табиғи паркі аумағында жүргізілді. Құтқарушылар 4 шақырым таулы аймақпен, 1 шақырым өзен бойымен жүріп өткен. Нәтижесінде жоғалған туристер түнгі уақытта табылды. Белгілі болғандай, бір турист әйелдің аяғы сынған. Сол себепті қалғандары оны өз күштерімен тасымалдай алмай, көмекке мұқтаж болыпты.